Жетісу облысында көліктің дөңгелегі жарылып, салдары адам өліміне әкеп соқты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
BMW автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі Алматы-Өскемен тасжолының 192-шақырымында тізгінге ие бола алмай, көлігін аударып алған. Оқиға орнында 20 жастағы қыз көз жұмды. Әр түрлі жарақаттарымен көлік жүргізушісі мен жолаушысы Сарыозек ауруханасына жатқызылды.
Жол апаты автомобильдің нашар техникалық жағдайына, яғни талаптарға сай келмейтін дөңгелектің жарылып кетуіне байланысты болды деп болжанып отыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!