Жетісу облысында көлік нөмірін әдейі жапқан жүргізуші жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құқық бұзған адам көршілес өңірдің 21 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол Toyota Camry көлігімен Батыс Еуропа - Батыс Қытай тасжолы бойымен келе жатып, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін салынатын айыппұлдан жалтару мақсатында мемлекеттік нөмірдегі сандардың бірін әдейі жауып қойған.
Жүргізушінің бұл әрекеті бейнебақылау камераларына тіркеліп қалған. Заманауи бақылау жүйелерінің көмегімен полиция тұрғынды анықтап, оны әкімшілік жауапкершілікке тартқан.
Оның көлігі арнаулы айыппұл тұрағына қойылған. Енді жүргізушіге бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу және бір жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!