Жетісу облысында көлік аударылған кезде бір адам қаза тауып, екі адам зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жол апаты 26 ақпанда Панфилов ауданында болған.
"Ауди-100" автокөлігін мінген 67 жастағы ер адам Батыс Қытай - Батыс Еуропа автожолының 275-шақырымында, рөлге ие болмай, көлікті аударып жіберген.
Автокөліктің салонында төрт жолаушы болған, олардың бірі 1962 жылы туған, қайтыс болды және екеуі ауыр жарақат алып ауруханаға жатқызылды.
Оқиға орнында Панфилов аудандық полициясының патрульдік және жедел-тергеу тобы жұмысын жалғастырып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!