Жетісу облысында қираған жол учаскесі қалпына келтірілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақсу ауданындағы Жансүгіров-Матай тасжолының 34-шақырымында су өткелі тозуына байланысты темірбетон құбыры мен жол төсемінің бір бөлігі опырылған. Салдарынан көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды.
"Жергілікті полиция қоршау белгілерін орнатты, ал ЖАО мен жол қызметінің күштері ТЖД үйлестіруімен жедел жөндеу жұмыстарын жүргізді: құбыр өткелін төсеп, топырақ толтырып, нығыздады", - деп жазылған хабарламада.
Қозғалыс қысқа мерзімде қалпына келтірілген. Қазір су транзитпен өтіп жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз