Жетісу облысының Көксу ауданында қазандық жарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға 1 сәуірде таңғы сағат 8.52-де Қазақстан ауылында болған. Жалпы ауданы 22 шаршы метр болатын қазандық жарылған. Жазатайым оқиға кезінде бір жұмысшы қаза тапқан.
"Қазір қауіп жоқ. Жарылыстың себебі анықталып жатыр", - деді аудан әкімдігінің баспасөз қызметі өкілі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!