- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жетісу облысында қайтарымсыз...
Жетісу облысында қайтарымсыз грант уәде берген екі алаяқ ұсталды
Жетісу облысында қайтарымсыз грант уәде берген екі алаяқ ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алаяқтық туралы арызбен Көксу аудандық полициясына бірнеше жергілікті тұрғындар жүгінді. Жәбірленушілердің айтуынша, бейтаныс әйелдер мемлекет беретін қайтарымсыз гранттар аясында ақша алуға көмектерін ұсынған. Содан кейін, алаяқтар төрт ауыл тұрғынын алдап, 450 000-нан 1,5 миллион теңгеге дейін қаражаттарын иемденіп алған.
– Алаяқтар азаматтарға кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде берілетін қайтарымсыз грантты алуда көмек көрсетуге уәде берген. Сонымен қатар, қажетті шығындарға, сондай-ақ жаңа бизнесті бастауға және дамытуға арналған өтінімдерді мақұлдау үшін ұсынылатын мемлекеттік гранттың көлемінің 10 пайызын төлеу қажет екенін мәлімдеген, – деп ведомствода атап өтті.
Полиция қызметкерлерімен алаяқтар анықталып, ұсталды. Олар алматылық Алия Омарова мен Шымкент қаласының тұрғыны Төлбасы Үсейнқызы.
Төрт эпизод бойынша қылмыстық іс сотқа жіберілді. Сот алаяқтарды кінәлі деп тапты және келтірілген залалдың орнын толтыруды ескере отырып, сот тараптарды татуластырғаны үшін қылмыстық істі тоқтатты.
Қазақстандықтарды алдау әрекеттерінің жиілеуіне байланысты өңір полициясы азаматтарды мұқият болуға және белгілі бір ақшалай сыйақыға гранттар, субсидиялар, несиелер және өзге де қаражаттарды алуға көмектесуге ниет білдірген күдікті адамдар туралы құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады. Сіздер осындай қызметтерді алуда арнайы қорлар мен қаржы ұйымдарынан білікті кеңес пен көмек ала алатындарыңызды есте сақтаңыздар.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина