Жетісу облысында қауіпті той кортежі полицияның назарына ілікті

Жетісу облысында той кортежінің 8 қатысушысы жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жаркентте полиция қызметкерлері жол жүрісі қағидалары мен қоғамдық тәртіпті өрескел бұзғандарды анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

Бірнеше көлік жүргізушісі қауіпті маневрлер жасаған. Сонымен қатар, көліктердің біріне арнайы дыбыс сигналын шығаратын құрылғы рұқсатсыз орнатылған.

Кортеждің кейбір қатысушылары тыныштықты бұзғаны үшін де әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

"Жалпы 8 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бір көлік арнаулы тұраққа қойылды", - деді ІІМ өкілдері.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!