Жетісу облысында кәсіпорын экс-директоры 100 миллион жымқырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
Сот үкімімен "Алакөлжылу" ШЖҚ МКК бұрынғы директоры 100 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Кәсіпорын басшысы қатты көмірді сатып алуға бөлінген қаражатты аффилиирленген компания арқылы жымқырған.
Арнайы прокурорлар бұл деректі анықтап, тергеп-тексерді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз