- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жетісу облысында да...
Жетісу облысында да кәсіпкерді бопсалап, 500 мың теңге алған күдіктілер ұсталды
Жетісу облысында жергілікті кәсіпкерді қорқытып, ақша талап еткен екі күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұсталғандардан 500 мың теңге тәркіленді, оны олар жәбірленушіден қорқытып алған.
"Күдіктілер Алматы-Өскемен трассасының жол бойындағы дәмханалардың бірінде ұсталды. Олардың бірі бұрын сотталған Алматының 53 жастағы тұрғыны, екіншісі Алакөл ауданының 35 жастағы тұрғыны. Қазіргі уақытта екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды", - деп хабарлады Жетісу облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 2-бөлігіне ("Қорқытып алу") сәйкес жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан