Жаркент қаласының маңында қараусыз қалған жанар-жағармай құю станциясында қару-жарақ сақталған орын табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Жетісу облысы ПД Баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицейлер ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесе отырып, Панфилов ауданы Жаркент қаласының маңындағы қараусыз қалған жанар-жағармай құю станциясында қос ауызды шолақ мылтық, сондай-ақ 9 патронмен бірге "STREAMER 1014" травматикалық тапаншасы сақталған жасырын орынды тапты.
Бұл дерек бойынша тергеу амалдары басталды. Табылған қару сараптамаға жіберілді.
Заңсыз сақталған қаруды, сондай-ақ оған негізгі (құрамдас) бөліктерін өз еркімен тапсырған азаматтар, егер олардың іс-әрекеттерінде басқа құқық бұзушылық құрамы болмаса, жауапкершіліктен босатылатынын естеріңізге саламыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!