Қар құрсауында қалған қазақстандықтар құтқарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жетісу облысы Көктұма бекетінен 15 шақырым қашықтағы жолда қар құрсауында екі көлік тұрып қалды. Көлік ішінде екі адам болды.
Оқиға орнына Ақши ауылының ТЖМ жедел-құтқару жасағының күштері жіберілді.
Құтқарушылар күшімен азаматтар эвакуацияланып, қар құрсауынан қауіпсіз жерге шығарылды. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!