Жетісу облысында қар құрсауында қалған 12 адам құтқарылды

Жетісу облысының Алакөл ауданында Үшарал-Достық тасжолында 12 адам құтқарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, 6 жүк көлігі мен 2 жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойып, құтқарушылардың көмегі қажет болды. Ауа райына қарамастан, құтқарылғандардың барлығы Достық станциясына вахтовкамен жеткізілді.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды ауа райының қолайсыздығына байланысты елді мекендерден шықпауды сұрайды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз