Жетісу облысында каналдағы су деңгейі көтеріліп кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бүгін ТЖД-не Жетісу облыстың Қопар ауылының маңындағы "Көкөзек" каналында су деңгейінің көтерілуі туралы хабарлама келіп түскен.
Шақыру орнына дереу 5 қызметкер мен 1 бірлік техника келді.
Каналдың екі жерінде судың толып кетуі анықталды. Жағдай тұрақты, аула аумақтарын су басу жоқ.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!