Жетісу облысында кәмелетке толмаған қыздың интим сипаттағы материалдарын таратқан тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктіні анықтады. Ол Алакөл ауданының 22 жастағы тұрғыны болып шықты.
Тергеу мәліметінше, күдікті TikTok желісі арқылы кәмелетке толмаған қызбен танысып, кейін арадағы байланысты мессенджерлердің бірінде жалғастырған.
Қыздың сеніміне кірген ол психологиялық қысым көрсетіп, қорқытып, сондай-ақ, 20 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы беремін деп уәде етіп, интим сипаттағы суреттер мен бейнематериалдарды алған.
"Кейін күдікті осы бейнематериалдарды мессенджерлердің біріндегі жабық арналар арқылы заңсыз таратып, одан материалдық пайда тапқан. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!