- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жетісу облысында жүргізуші...
Жетісу облысында жүргізуші мен жаяу жүргінші арасындағы жанжалдың соңы өліммен аяқталды
Жетісу облысында жаяу жүргінші мен жүргізуші жанжалдасып қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл жанжал видеоға түсіп қалған. Кадрда қызыл көлік мінген ер адам ақырын жүріп бара жатқанда жерде отырған адамды қағып кеткенін көруге болады. Жерде отырған адам ашу-ызаға булығып, оны боқтап, көлігін қолмен ұрған, жүргізуші осы кезде шығып, бір-ақ ұрған, жаяу жүргінші қайтыс болған.
Кейін жүргізуші есінен танып қалған адамды көлігіне отырғызған.
Жетісу полиция басқармасының хабарлауынша, оқиға 29 қазанда Үшаралда болған.
"Соққы алған 40 жастағы ер адам ауруханаға жатқызылып, келесі күні жансақтау бөлімінде қайтыс болды, күдікті ретінде 35 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, Алакөл аудандық полициясының уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады полиция.
Тергеу Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігі "Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша жүргізіліп жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан