Жетісу облысы Алматы – Өскемен тас жолында жүк көлігі аударылып, жүргізуші оқиға орнында қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жол апаты республикалық трассаның 400-шақырымында болған. MAN F2000 жүк көлігін 23 жастағы Өскемен тұрғыны айдаған, алдын ала болжам бойынша, ол ауыр жүк көлігінің рөліне ие бола алмай, көлік аударылып кеткен. Жүк көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.
Қазір бұл факті бойынша қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!