Әлеуметтік желіде Жетісу облысы Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, №1 орта мектебінің суреттері тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Суреттерде мектепте жөндеу жұмысы дұрыс жасалмағаны, ғимараттағы түрлі тесіктер бары байқалады. Облыстық білім басқармасы өкілдері бұл жағдайға қатысты пікір білдірді
Massaget.kz тілшісі бұл мәселеге қатысы Жетісу облысының білім басқармасына сұрау салды.
"Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, №1 орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары биыл мамырда басталған. Көрсетілген суреттер қыркүйектің ортасында түсірілген. Бұл кемшіліктер толығымен ескеріліп, қайта қалыпқа келтірілді. Мектептің құрылыс жұмыстары 99 пайызға аяқталған. Қазір көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Үшарал қаласы, №1 орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарының құрылысы биыл 15 қазанда толығымен аяқталу жоспарланып отыр. Келісімшартқа сәйкес құрылыс жұмыстарының сапасына 2 жыл кепілдемесі бар", - деп жауап берді басқарма өкілдері.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз