Жетісу облысында жолаушылар пойызы КамАЗ-бен соқтығысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы баспасөз қызметі теміржолдағы апатқа жүк көлігінің жүргізушісі кінәлі деп хабарлады.
24 шілдеде Бескөл - Достық учаскесінде теміржол өткелінде КамАЗ жүргізушісі қала маңындағы пойызбен соқтығысқан.
"Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Іс бойынша тергеу жүріп жатыр. ҚТЖ жүргізушілерді қырағы болып, жол ережесін қатаң сақтауға шақырады", - делінген компания таратқан хабарламада.
Оқиға орнынан куәгерлер видео таратып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!