Жетісу облысында жол апаты төрт адамның өмірін қиды

Жетісу облысында жол апатынан төрт адам мерт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Апат Алматы-Өскемен автожолының 453 шақырымында болды. 38 жастағы Hyundai Veracruz жүргізушісі рөлге ие бола алмай, басып озбақшы болып, Daf FTXF 105 ауыр жүк көлігімен, содан кейін инерция бойынша Volkswagen Passat көлігімен соқтығысты.

Апат салдарынан Hyundai жүргізушісі және оның үш жолаушысы сол жерде көз жұмды.

Аталған көліктен тағы үш бала әр түрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жатқызылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!