Жетісу облысында жоғалған 15 жастағы оқушы қыздың мәйіті өзен арнасынан табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
6 маусым Панфилов ауданында соңғы екі күнде хабар-ошарсыз жоғалып кеткен жасөспірім қыздың мәйіті Әулие ағаш ауылынан 2-3 шақырым жерде Бұрақожыр өзенінің арнасынан, криминалдық сипаттағы өлімнің анық белгілерінсіз табылды. Полицейлер қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, бұл өлімінің барлық мән-жайын мұқият тексереді.
Оқушы қызды іздеуге Панфилов аудандық полициясының жеке құрамы қатысты. Сондай-ақ іздестіру іс-шараларына облыстық департаменттің қызметкерлері, әскери қызметшілер, жергілікті тұрғындар, әкімдік қызметкерлері, мектеп оқытушылары мен еріктілер (200-ден астам адам) қосылды. Іздеуде жүрген жасөспірім қыз туралы ақпарат жақын маңдағы полиция бөлімшелеріне жіберілді, БАҚ пен әлеуметтік желілерде орналастырылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!