Жетісу облысында жоғалып кеткен кәмелетке толмаған балалар табылды

Жетісу облысында жоғалып кеткен кәмелетке толмаған балалар табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Жергілікті тұрғын полицейлерге кәмелетке толмаған екі баланы тез арада тауып бергендері үшін шын жүректен алғысын білдірді. Ата-аналарының айтуынша, олардың 8 және 10 жастағы балалары күтпеген жерден жоғалып кетіп, олар бірден полицияға жүгінген.

Іздестіру иттерін іздеуге тартқан кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері көмекке бірден келген. Кинологтар мен олардың төрт аяқты көмекшілерінің кәсіби дайындықтарының нәтижесінде балалар қауіпсіз жерден тез табылып, үйлеріне оралды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!