Жетісу облысында жоғалған малшылар табылды

Жетісу облысында ТЖМ құтқарушылары жоғалған малшыларды тапты , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алакөл ауданы Достық ауылынан 45 шақырым жерде 1966 және 1968 жылдары туған екі ер адамды іздестіру жұмыстары жүргізілді, олар 23 қарашада мал айдауға кетіп, осы уақытқа дейін байланысқа шықпаған.

ТЖМ құтқарушылары жол талғамайтын Трэкол автокөлігімен іздестіру жұмыстарына аттанып, екі сағаттан кейін жоғалғандарды тапты. Олар адасып кеткенін айтты.

Медициналық көмек қажет болған жоқ. Құтқарушылар оларды Достық ауылына жеткізді. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!