Жетісу облысында құтқарушылар жоғалған адамды түні бойы іздеп тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Кеше кешке ер адам Алакөл ауданы Көктума ауылынан Достық станциясына қарай көлікпен шығып, байланысқа шықпаған. Құтқарушыларға көмек сұрап туыстары жүгінді.
ТЖМ құтқарушылары Трэкол жол көлігін іздестіру жұмыстарына кірісті. Бүгін таңертең Үшарал-Достық тасжолының 105-шақырымында ТЖМ күшімен қар құрсауында батып қалған жеңіл автокөлік табылып, жүргізуші Достық станциясына жеткізілді.
"Табылған адам медициналық көмекке мұқтаж емес", - деп жазылған хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!