Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелді

Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ТЖМ сейсмикалық станциялар желісі 31 наурызда сағат 11:11-де жер сілкінісін тіркеген.

"Эпицентрі Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 273 шақырым қашықта орналасқан. Тереңдігі - 10 шақырым. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.7. Магнитудасы MPV - 5.4", - деп жазылған хабарламада.

Жер сілкінісі былай сезілген:

  • Жетісу облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласы - 2 балл;
  • Жетісу облысы Текелі қаласы - 2 балл;
  • Жетісу облысы Ақсу ауданы Жансүгіров ауылы - 2 балл.

Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы мәлімет тіркелмеген, тұрғындардан 112 нөміріне қоңырау түспеген.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!