Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелді

Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелді
Фото: depositphotos.com

Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жер сілкінісі 26 қарашада Астана уақытымен 07:15-те болған.

"Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 160 шақырым жерде орналасқан", - деп жазылған хабарламада.

Жер сілкінісінің күші Жетісу облысы Сарыөзек ауылында 2 балл болып сезілген. Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы мәлімет түспеген.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget