Жетісу облысында қуаты 2-3 балл болатын жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедицияға сілтеме жасап.
"ТЖМ "СОМ" ЖШС сейсмикалық станция желісінде 30 қазанда сағат 00:08-де жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 241 шақырым жерде орналасқан", - делінген хабарламада.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 10.5. MPV магнитудасы - 4.9. Тереңдігі - 25 шақырым.
Сонымен қатар, Қоңырөлең кентінде және Жетісу облысының Жаркент қаласында 2-3 баллдық жер сілкінісі байқалған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!