Жетісу облысында жаппай төбелеске қатысқандар ұсталды. 26 ақпан полицияға Теректі ауылының жергілікті тұрғындарынан топтық төбелес туралы қоңырау түскен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Дәмханалардың бірінде жастардан құралған екі топ бір-бірімен ерегесіп, аяғында төбелес жұдырықпен аяқталғаны белгілі болды.
Төбелеске қатысқан жеті адамның барлығы да анықталды, олар Балпық би ауданы орталығының 25-30 жас аралығындағы тұрғындары болып шықты.
Барлығы ұсталып, міндетті медициналық тексеруден өткен соң, түсініктеме беру үшін полицияға жеткізілді. ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігімен тергеу амалдары басталды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!