Жетісу облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам мерт болды

Жетісу облысында жантүршігерлік жол апатынан төрт адам мерт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

10 желтоқсанда шамамен сағат 14:15-те Алматы-Өскемен тасжолының 462-шақырымында екі көлік жол апатына ұшыраған.

"Алдын ала дерек бойынша KIA көлігінің жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, Toyota көлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан оқиға орнында төрт адам қаза тапты. Тағы төрт жолаушы әртүрлі жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілді", - деді полиция.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған. Болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!