Жетісу облысында жол апатынан бір адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
2 наурызда Үшарал - Достық автожолының 61-шақырымында Mazda CX-7 автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі Volkswagen авкөлігін басып озуға әрекеттенген кезде көлікпен соқтығысқан.
Салдарынан Volkswagen автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие алмай, жол жиегіне шығып, аударылды.
Жол апатынан 55 жастағы әйел қайтыс болды. Жол Алакөл ауданында тіркелді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!