Жетісу облысында жантүршігерлік жол апатынан алты адам мерт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полицияның мәліметінше, Chevrolet Cobalt көліктері Сарыөзек - Көктал тасжолының 110-шақырымында жол апатына ұшыраған.
Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды.
Публикация от ТАЛДЫКОРГАНЕЦ. Кайрат Абдрахман (@taldykorganec.insta_)
Алдын ала мәлімет бойынша көліктердің бірінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, екінші көлікпен соқтығысқан.
"Жол апаты салдарынан алты адам оқиға орнында көз жұмды, тағы бір адам түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілді", - деді полиция.
Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған соталды тергеу жүргізіліп жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!