Жетісу облысында BMW маркалы көлігі аударылып, бір әйел қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жол апаты "Алматы-Өскемен" автожолының 323 шақырымында болды. Неміс шетелдік көлігін 38 жастағы әйел басқара алмай, аударылып кеткен.
Апат салдарынан көлік салонында болған 49 жастағы әйел оқиға орнында көз жұмды. Жүргізушімен бірге тағы бір жолаушы дене жарақаттарымен Талдықорған ауруханаларының біріне жатқызылды.
Фото: instagram.com/zhetysu.police
Полиция барлық жүргізушілерді жылдамдық режимін қатаң сақтауға шақырады. Есіңізде болсын, жол ережесін елемеу қайғылы зардаптарға әкелуі мүмкін.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!