- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жетісу облысында жантүршігерлік...
Жетісу облысында жантүршігерлік жол апаты болды: адам шығыны бар
Фото:
Жетісу облысы ПД
Жетісу облысында жантүршігерлік жол апаты болды - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жол апаты 6 мамырда болды. TOYOTA PICNIC көлігі Алматы-Өскемен тасжолының 429-шақырымында аударылып кеткен. 51 жастағы жүргізуші рөлді басқара алмай, жол жиегіне шығып кеткен, салдарынан көлік аударылған.
Оқиға салдарынан сол көлікте отырған жолаушы әйел қаза тапты. Тағы екі жолаушы түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жеткізілді.
Жол көлік оқиғасы бойынша қажет сараптамалар тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды.
Өңір полициясы жүргізушілерді ҚР Жол-қозғалысы ережелерін ескеріп, рұқсат етілген жылдамдық режимін сақтауға шақырады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова