- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жетісу облысында жантүршігерлік...
Жетісу облысында жантүршігерлік жол апаты болды
Жетісу облысында жүк көлігі мен жол талғамайтын көлік соқтығысып, 50 жастағы ер адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Жетісу облысы Полиция департаментінің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы Панфилов ауданында тіркелді, 4 қарашада Жаркентте VOLVO жүк көлігі мен MITSUBISI PAJERO көлігі соқтығысып, 50 жастағы ер адам оқиға орнында қаза тапты. Жол апатынан 37 жастағы жүргізуші де жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
"MITSUBISI PAJERO көлігінің жүргізушісі Қонаев-Ходжамьяров көшелерінің қиылысында тыйым салынған бағдаршам белгісін елемей, VOLVO жүк көлігімен соқтығысқан. Қазір екі көлік те арнайы тұраққа қойылды. Негізі, қажет сараптамалар тағайындалса, тергеу басталды", - делінген хабарламада.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек