Жетісу облысында жантүршігерлік жол апаты болды: 4 көлік соқтығысқан

Жетісу облысында жантүршігерлік жол апаты болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады.

Жетісу облысы Полиция департаменті мәліметінше, 31 қаңтарда Талдықорған-Текелі тасжолында төрт көлік жол апатына ұшыраған.

"Жол апаты салдарынан бес адам медициналық мекемеге жеткізілді. Ауруханаға жеткізілгендердің біреуі көрсетілген медициналық көмекке қарамастан қайтыс болды", - деп жазылған хабарламада.

Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

"Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Mercedes маркалы көліктің жүргізушісі оқиға болған күні қамауға алынды", - деп жазылған хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!