- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жетісу облысында газ...
Жетісу облысында газ таситын көлік аударылып, жарылып кете жаздады
Бүгін Жетісу облысындағы Көксу ауданы Жарлыөзек ауылында пропан газы бар газ таситын көлік аударылып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға орнына жедел түрде ТЖМ Жетісу облысындағы бөлімшелері мен ұйымдар жіберілген.
Автомобиль автокранның көмегімен өз дөңгелектеріне тұрғызылды. Барлық көтеру процесі төтенше жағдайлар қызметкерлерінің бақылауында болған.
Балпық би ауылы № 4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушілері пропан газымен толтырылған цистернаны көтеру барысында ұшқын пайда болмас үшін оған көбік шашып тұрды. Бұл қауіпті ұшқындардың пайда болуына және тиісінше автомобиль цистернасының жарылуына жол бермеді. Үйлесімді шаралардың арқасында қаза болған және зардап шеккен адамдар жоқ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина