Жетісу облысында есірткі зертханасын құрған екі адам сотталды

Жетісу облысында есірткі зертханасын құрған екі адам сотталды
Фото: Коллаж: gov.kz,depositphotos.com

Есірткі зертханасын құрғаны үшін екі жетісулық сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жетісу облысы прокуратурасының үйлестіруімен облыстық ҰҚК департаменті синтетикалық есірткі өндіретін астыртын зертхананың жолын кесті.

Атап айқанда, П және Т. атты екі азамат қылмыстық келісімге келе отырып, синтетикалық есірткі өндіру және сату үшін Текелі қаласынан үй жалдаған.

Есірткі зертханасын тінту кезінде 21 келі психотроптық заттар мен зертханалық құрал-жабдықтар тәркіленді (есірткі заттарды орау үшін электронды таразылар, пакеттер, фольга, изолента және т.б.).

Сот үкімімен екеуі де 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина