Жетісу облысында есірткі зертханасы жойылды

Жетісу облысында есірткі зертханасы жойылды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Жетісуда есірткі зертханасы анықталып, айналымнан 6,4 келіден астам мефедрон жойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция прокуратурамен және ҰҚКД-мен бірлесіп синтетикалық есірткі өндірумен айналысатын жерасты зертханасын жойды.

Жетісу облысының Ескелді ауданында "куратордың" нұсқауы бойынша әрекет ететін екі шетел азаматы заңсыз өндірісті ұйымдастыру үшін Қазақстанға келген. Тінту барысында тыйым салынған заттар, 6,4 келіден астам мефедрон синтетикалық есірткісін дайындауға арналған жабдықтар, сондай-ақ есірткіні өндіруге арналған 200 литр прекурсорлар қалдығы табылды.

Шетелдіктер мен олардың Астана тұрғыны болып шыққан серіктесі ұсталып, қамауға алынды.

Есірткіні таратуға қатысы бар адамдарды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина