Жетісу облысында өз жұбайын ауыр жарақаттаған азамат ұсталды. Оқиға Кербұлақ ауданында болған. 4 сәуірге қараған түні Шаған ауылынан 54 жастағы әйел ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Дәрігерлер науқаста көптеген жарақат пен дене сынықтарын анықтап, диагноз қойды.
Әйел азаматтық некедегі жұбайының қолынан зардап шеккен, оны тәртіп сақшылары түсініктеме беру үшін аудандық полицияға жеткізді. Ерлі-зайыпты арасында алкогольдік ішімдік ішу кезінде жанжал туындап, оның соңы төбелеске ұласып кеткені анықталды.
"Ұсталған ер адамның айғақтарына сәйкес жәбірленушіге балтамен зақым келтірілген, ол оқиға орнында табылды және іс материалдарына тіркелді. Қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 106-бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша жүргізіледі", - деді Кербұлақ аудандық полициясының бастығы Ербол Ахметқалиев.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!