- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жетісу облысында ер...
Жетісу облысында ер адам 7 миллион теңгеден аса алимент төлемей келген
Жетісу облысында прокурорлар борышкерден 7 миллион теңгеден аса алимент өндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"K" есімді ер адам 2 жыл бойы төрт балаға жалпы сомасы 7 миллион теңгеден аса алимент төлемей келген.
Бірақ Панфилов ауданының прокуратурасы борышкер ресми емес жұмысқа орналасқанын және тұрақты табысы бар екенін анықтаған.
Қадағалау актісі бойынша борышкер 5 тәулікке қамауға алу түріндегі ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Әкімшілік шара қолданылғаннан кейін борышкер алимент бойынша берешегін толық өтеген.
Прокурорлық шаралар нәтижесінде кәмелетке толмаған 63 балаға жалпы сомасы 47 миллион теңге алимент өндірілген.
Прокуратура алимент төлеуден жалтарғаны үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу, сондай-ақ, 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова