Жетісу облысында балабақша бухгалтері 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жетісу облысы Ақсу аудандық соты сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде иемдену немесе талан-таражға салу фактісі бойынша қылмыстық істі қарады (ҚР ҚК 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағы).
Азаматша Д. Ақсу ауданының мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының (балабақша, МКҚК) бухгалтері лауазымында жұмыс істеген.
МКҚК-да жұмыс істеген кезде балабақшадағы топтардың жетпеуіне байланысты қызметкерлерге еңбекақы төлеуге бөлінген ақша қаражатын үнемдеу қалыптасқан.
Д. бухгалтер бола жүріп, МКҚК-дегі өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, 2021 жылғы қаңтар айынан бастап "Онлайн банкинг" банк жүйесінде төлем тапсырмаларын орындау жолымен "Қазақстан Халық банкі" АҚ-дан өзінің карточкалық шотына ақша қаражатын жөнелткен.
Қылмыстық іс-әрекет осындай жағдайлар бойынша 2023 жылдың ақпан айына дейін жалғасқан.
Сот-экономикалық сараптаманың қорытындыларына сәйкес - азаматша Д. жалақы түрінде 2021 жылдың басынан 2023 жылдың ақпанына дейінгі кезеңде өзінің есеп шотына шамамен 39,5 миллион теңге аударған.
"Баптың санкциясы 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді. Айыпталушының кінәсі іс бойынша жиналған дәлелдемелермен расталды. Сот қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайларды – кінәні мойындауын, шын жүректен өкінуін, залалды ішінара өтеуін және онкологиялық ауруының болуын ескере отырып, ҚК-ның 189-бабының 4-тармағының 2-тармағы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін Д.-ны кінәлі деп таныды және оған 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жәбірленушінің 38,5 миллион теңге сомасы көлеміндегі талап қоюы толық көлемде қанағаттандырылды", - делінген сот таратқан хабарламада.
Үкім заңды күшіне енбеген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!