"Алматы - Қорғас" тасжолында екі автокөлік соқтығысып, жанып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жол апаты 18 қарашада Жаркент қаласының маңында болған. Екі Audi автокөлігі соқтығысқан. Оқиға орнынан ауруханаға 5 адам жеткізілді, оның біреуі медициналық тексеруден кейін ауруханаға жатқызылды.
"Автокөліктер "Алматы-Қорғас" тас жолының 336 шақырымында соқтығысқан. Алдын ала болжам бойынша, автомобильдердің бірінде дөңгелегі жарылып, нәтижесінде жүргізуші рульге ие болмай, басқа көлікпен соқтығысуға жол берді. Бұл жағдай кейіннен екі шетелдік көліктің де өртенуіне себеп болды. Өртті оқиға орнына шақырылған өртке қарсы қызметінің өрт сөндірушілері өшірді", - деп хабарлады Панфилов ауданының полициясы.
Полиция апаттың барлық жағдайларын мұқият анықтап жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!