- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жетісу облысында екі...
Жетісу облысында екі апта бұрын жоғалған оқушылар Шымкенттен табылды
Жетісу облысында жоғалған екі жасөспірім Шымкенттен табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жоғалған оқушыларды іздеу жұмыстары кейінгі екі аптадан бері жүргізілді. 15 жастағы Ақерке Жолдасова мен 16 жастағы Әмір Тергеуов Үштөбеден хабар-ошарсыз кеткені туралы арыз Қаратал ауданының полицейлеріне 6 қыркүйекте жазылды.
Кәмелетке толмағандарды жаппай іздеу жұмыстарын олардың туыстары, полиция қызметкерлері жүргізді, сондай-ақ мектептің педагогикалық ұжымы мен еріктілер қосылды.
"19 қыркүйекте із-түзсіз жоғалғандардың орналасқан жері анықталды. Екі мектеп оқушысы да Шымкентте екені белгілі болды. Полицейлер кәмелетке толмағандарды Үштөбеге жеткізіп, ата-анасына тапсырды. Екі жасөспірім де аман-есен, дендері сау", - деді Жетісу облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Қайрат Жүрінов.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан