Жетісу облысында дүкенде жарылыс болды: зардап шеккендер бар

Жетісу облысында дүкенде жарылыс болып, үш адам зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

15 ақпанда сағат 18:45 шамасында Ескелді ауданы Қарабұлақ ауылында орналасқан азық-түлік дүкенінде газ-ауа қоспасы жарылған. Оқиға орнына Жетісу облысы ТЖД күштері мен құралдары жедел жеткен. Төтенше жағдайға байланысты 27 жеке құрам, 6 техника жұмылдырылған.

"Оқиға салдарынан қабырға мен шатырдың бір бөлігі құлап, 36 шаршы метр аумақ зақымданды. 3 адам зардап шегіп, тексерістен кейін аудандық орталық ауруханаға жеткізілді. Жағдайлары орташа ауыр, тұрақты", - деп жазылған өңірлік ТЖД хабарламасында.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!