Жетісу облысының полицейлері облыстық ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен Талдықорғанның 33 жастағы тұрғынын ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұсталған адамға тиесілі автокөліктің жүксалғышында өсімдік тектес зат салынған пакет табылып, тәркіленді.
"Ер адамның деструктив діни ағымның жақтаушысы екені белгілі. Қазір есірткіні заңсыз сақтау және өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы.
Жүргізілген сараптама тәркіленген заттың салмағы 2 келі 722 грамм марихуана екенін көрсетті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!