ҰҚК дәрі-дәрмектерді заңсыз тасымалдағандардың жолын кесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
16 тамызда ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысының "Алтынкөл" теміржол өткізу пунктінде дәрі-дәрмектердің ірі партиясын алып өтпек болғандарды ұстады.
Шығу тегі белгісіз 80 000 ампула мөлшеріндегі ілеспе құжаттары жоқ дәрілік заттар теміржол контейнерінен табылды.
Жүк процессуалдық шешім қабылдау үшін облыстық экономикалық тергеу департаментіне берілді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!