- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жетісу облысында бухгалтерлер...
Жетісу облысында бухгалтерлер жұмыс істемейтін адамдарға жалақы беріп, ақша жымқырған
Жетісу облысы Кербұлақ ауданының прокуратурасы білім бөлімі бухгалтерлерінің бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықтады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2021-2023 жылдар аралығында білім бөлімінің үш бухгалтері білім бөлімінде жұмыс істемейтін адамдарға заңсыз жалақы мен еңбек демалысы жәрдемақысын аударған.
Келтірілген шығын – 34 млн теңге.
Осы факті бойынша облыс прокуратурасы тергеу жүргізіп, нәтижесінде Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағы (алаяқтық) бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды.
Сот үкімімен бухгалтерлер Қылмыстық кодекстің 63-бабы (шартты түрде соттау) бойынша 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындаумен кінәлі деп танылды, келтірілген залал мемлекет кірісіне толық көлемде өтелді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина