Жетісу облысында бір үйдің үш баласы өрттен қаза тапты

Жетісу облысында бір үйдің үш баласы өрттен қаза тапты
Фото: depositphotos.com

Жетісу облысы Ескелді ауданына қарасты Бақтыбай ауылында жеке үйден шыққан өрттен үш кішкентай бала қаза тапты. Қайғылы жағдай 25 қыркүйекте таңертең болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өрт барақ секілді үйден шыққан. Өрт кезінде анасы 13 жастағы баласымен бірге үйден өз күшімен шығып үлгерген. Ал тағы үш бала үйдің ішінде қалып қойған.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар өртті сөндіру барысында бір, алты және сегіз жастағы балалардың денесін тауып, сыртқа алып шыққан.

Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз. Мамандар оқиғаның барлық мән-жайын, соның ішінде өрттің неден тұтануы мүмкін екенін және үйдің өртке дейінгі жағдайын анықтап жатыр.

Материал жарияланған сәтте қайғылы оқиғаға нақты не себеп болғаны туралы ресми ақпарат болған жоқ.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget