2024 жылғы 31 тамызда Жетісу облысының Быжы-Бахша аралығында машинист жүк пойызын шұғыл тоқтатуға мәжбүр болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алайда қақтығысудың алдын алу мүмкін болмады, салдарынан сегіз бас жылқы пойыз астында қалды. Пойыз 14 минутқа тоқтап қалған.
Дәл сол күні Сарыөзек-Үштөбе аралығында да осындай дерек анықталды, онда жүк пойызы үш бас жылқыны қағып кетті.
Тексеру барысында Үштөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері үй жануарларының иелерін тауып, оларды мал жаю ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Олар Жетісу облысының 44 және 55 жастағы тұрғындары болып шықты.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!