Жетісу облысында бір әулеттің 33 мүшесі дауыс берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазақстан" арнасына сілтеме жасап.
Жетісу облысында Жақыбаевтар әулетінен 33 адам бір мезетте Панфилов ауданы Жаркент қаласындағы №326 дауыс беру учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады.
Бұл әулет жазиралы Жаркентте туып, өсіп-өніп, ұрпағын өрбітіп отыр. Дауыс беру учаскесіне балаларымен бірге келген 85 жастағы Азия Жақыбаева:
"Біз әулетімізбен бірге келіп, таңдауымызды жасап тұрмыз. Тәуелсіз еліміздің болашағы дегенде барлығымыз бір кісідей жұмылуымыз керек", – дейді.
9 бала, 36 немере, 69 шөбере сүйіп отырған ана әр адам қабылдаған шешім мемлекетіміздің одан әрі дамуына әсер ететінін айтты.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!