- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жетісу облысында балықты...
Жетісу облысында балықты заңсыз тасымалдаған тұрғын ұсталды
Жетісу облысында жарты тонна балық ресурстарын заңсыз тасымалдамақ болған тұрғын анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Рейдтік іс-шараларды жүргізу барысында өңірдің табиғатты қорғау полициясы Қаратал балық инспекциясы бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, балықты заңсыз тасымалдаған Үштөбе қаласының тұрғынын ұстады.
"Автокөліктің багаж бөлігін тексеру кезінде тасымалдауға тиісті құжаттары жоқ 495 келі балық анықталған. Алдын ала залал 1 115 000 теңгені құрады. Осы факті бойынша тексеру жүргізілуде, нәтижелері бойынша құқық бұзушы жауапқа тартылады", – дейді Табиғат қорғау полициясының бастығы Бағлан Рымжанов.
Жиналған құжаттар соңғы шешім қабылдау үшін сотқа жолданды. Өңір аумағында рейдтік іс-шаралар жалғасып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz